Биыл көп балалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді?

Биыл көп балалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді?
Сурет: Алау-ТВ

Жәрдемақы мөлшері 8,5%-ке артты.

2023 жылғы қаңтар айында көп балалы 532,6 мың отбасына 33,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік жәрдемақыға кәмелетке толмаған 4 және одан көп бірге тұратын немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

4 баласы барларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салсақ, мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген болатын. Жәрдемақы төлеу кезінде көп балалы отбасылардың табысы ескерілмейді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.