Биыл Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады

Биыл Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады
Сурет: Regnum.ru

Оң динамикаға байланысты болады.

Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары бойынша 2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cілтеме жасап.

«ЖІӨ-нің динамикалық өсу қарқыны 2022 жылғы қаңтар-сәуірде қалыптасқан жоғары фактіге, сондай-ақ жылдың соңына дейін экономиканың барлық негізгі салаларында күтілетін оң динамикаға байланысты болады», – деп жазылған Ұлттық Банктің хабарламасында. 

Алайда, геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және тауар жеткізу тізбегінің қайта құрылуы экономиканың өсу қарқынының жылдамдауын тежейді. 

«Геосаяси белгісіздік аясында Қазақстанның экспорттық жеткізілімдерінің халықаралық нарықтарға қол жеткізуінің ықтимал проблемалары ЖІӨ болжамының тәуекелі болып табылады, бұл оны іске асыру кезінде ЖІӨ-нің өсу болжамын мейлінше төмен қарқын жағына қарай қайта қарауға әсер етуі мүмкін», – деп хабарлады еліміздің бас қаржы институты.