Биыл елімізге 8300 адам қоныс аударған

Биыл елімізге 8300 адам қоныс аударған
Сурет: Spot.uz

Соңғы он айда 28 мыңға жуық адам елден көшіп кеткен

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 27 723 адам Қазақстаннан көшіп кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің жалпы санының үлесі сәйкесінше 84,4% және 85,9% құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ел ішінде көшіп-қону бойынша 2020 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда, 5,3%-ға азайған.

Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларына және Маңғыстау облысына (238 адам) көшіп келушілер саны арта түскен.