Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аталып өтеді

Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аталып өтеді
Сурет: Turaninform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет», - деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол биылғы атаулы даталар жайында атап өтті.

«Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығын атап өтеміз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.