Биыл бағдаршам кешенін салу жұмыстары аяқталады

Биыл бағдаршам кешенін салу жұмыстары аяқталады
Сурет: ашық дереккөз

Жетісу ауданының Солтүстік айналма көшесі мен Боралдай көшесі, Солтүстік айналма көшесі – Постышев көшесі, Қазыбаев көшесі – Серіков көшесі қиылысында бағдаршам объектісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Жобалау-сметалық құжаттамасы – мамыр айында, құрылыс-монтаждау жұмыстары қараша айында аяқталады. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысындағы бағдаршам салу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ биыл 10 аялдаманың пунктін жаңарту жоспарланған. 

Жетісу ауданында адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы бойынша жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарлануда.

       Сонымен қатар 2023 жылдың I тоқсанында 85 «Сергек» кешенін орнату аяқталып, аудандағы бейнекамералар саны 171-ге жетті.