Биыл аудандағы жаяу жүргінші өткелдері жөнделеді

Биыл аудандағы жаяу жүргінші өткелдері жөнделеді
Сурет: Voxpopuli.kz

12 жерасты, 7 жерүсті өткелі тізімде бар.

Осы жылдың қазан айына дейін ауданның барлық жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын сәтті енгізу нәтижесінде жоба бюджетін ұлғайту қажеттілігі туындады. Мен Бостандық ауданына осы бағдарламаны іске асыруға 875 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Бүгінде тұрғындардың өтінімдерін қабылдау аяқталды. Барлығы 100 жобалық ұсыныс берілді. Жобаларды іріктеу рәсімі 1 мамырға дейін аяқталады», деді мегаполис басшысы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде.