Биыл астықтың 1 тоннасы қанша теңге болады

Биыл астықтың 1 тоннасы қанша теңге болады Сурет: ашық дереккөз

«Қазақстанның астық одағы» биылғы бидай бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Астық одағы ретінде ішкі нарықтағы астықтың 1 тоннасын қосылған құн салығын есептегенде 85-95 мың теңге болады деп күтіп отырмыз. Бұл өте маңызды», - деді «Қазақстанның астық одағы» сауда комитетінің басшысы Александр Малов БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.



Оның атап өтуінше, бұл баға нарық қатысушыларының бәрінің көңілінен шықпауы мүмкін.



«Бұл баға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәрін бірдей қанағаттандырмауы мүмкін. Өйткені, өзіндік құны мен өндіріс көлеміне қарау қажет. Бірақ, бұл ұн мен нанның ішкі нарықтағы бағасын қалыптастыру тұрғысында Үкіметіміздің көңілінен шығатын болады. Сондықтан да жоғары баға күту өте қиын болар. Төмен де түспеуі тиіс. Өйткені, қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзіндік құны шегінде тұрмыз. Сол себепті өндірушілердің төңірегіне барынша шоғырланып, олардың осы маусымда барынша жақсы баға белгілеуіне мүмкіндік беру қажет», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07