Биыл алматылық үш мың азамат әскери борышын өтейді

Биыл алматылық үш мың азамат әскери борышын өтейді
inbusiness.kz

Биыл мерзімді әскери борышын өтеуге Алматыдан 3 мың шақырылушы жіберіледі, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Алматы қаласы Алмалы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Айдар Мүсірепов бүгінгі таңда Алматыдан 760 ер азамат мерзімді әскери борышын өтеуге аттанғанын айтты.

«Бүгінгі күні Алматыда ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заң мен Президент жарлығына сәйкес көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Биыл Алматы қаласынан 18-27 жас арасындағы 3 мың азамат әскери борышын өтеуге жіберіледі. Олар ҚР Қарулы күштері, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұлан қатарын толтыратын болады. Бүгінгі күні 760 алматылық әскери борышын өтеуге аттанып кетті», - деді Айдар Мүсірепов.

Спикер, сондай-ақ, Алматыда көктемгі әскерге шақыру мерзімі 1 наурыз – 30 маусым аралығы, ал күзгі шақырылым 1 қыркүйек – 31 желтоқсан аралығында болатынын жеткізді.