Биыл Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады

Биыл Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады
YouTube

Желтоқсан айында Мөңке би көшесінде көлік жолайрығын салып, Саин көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған

«Соның арқасында қаланың негізгі магистралдық көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», - деді қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде.

2022 жылы Алатау ауданында 53 көшедегі ұзындығы 42 км жол орташа жөндеуден, 35 көше ағымдағы жөндеуден өтті.
Жыл соңына дейін "Алғабас" және "Шаңырақ-1" шағынаудандарында 40,5 км жаңа жолдың құрылысы бітеді.

Сонымен бірге, осы жылдың III тоқсанында "Шапағат" шағынауданында сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу аяқталған соң 4,8 км жаңа жолдың құрылысы басталады.

2023 жылы ұзындығы 38 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.