Биыл Алматыда «Медеу баспалдақ – 2021» жарысы өтпейді

Биыл Алматыда «Медеу баспалдақ – 2021» жарысы өтпейді
almaty-akshamy.kz

Алматыда Қала күніне орай жоспарланған «Медеу баспалдақ – 2021» жүгіру шарасы өтпейтін болды, деп хабарлайды «Медеу баспалдақ – 2021».

1988 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Медеу баспалдақ» шарасы 18 қыркүйекке жоспарланған. Аталған спорт байқауына 500-ге жуық адам қатысып, олар 841 баспалдақпен жүгіріп өтуі тиіс. Алайда шараға тыйым салынды.

Мұндай шешімді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылдады.

«15 қыркүйектегі қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Медеу баспалдақ» жарысы өтпейді», - деп атап өтті ведомствода.