Биыл Алматыда 52,2 мың жұмыс орны құрылады

Биыл Алматыда 52,2 мың жұмыс орны құрылады
Сурет: Almaty.tv

Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды. 

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 5 айдағы негізгі қорытындылары туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz..

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ті құрайды.

Жыл басынан бері 17,1 мың жұмыс орны, оның ішінде

7,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 

Еңбек ресурстарының барынша тартылуын қамтамасыз ету үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі жүйелі шараларға көшу жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында 19,4 мың адамға 803,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді (барлығы 28,3 мың адамға 4 млрд теңге).

15,8 мың мүгедек адам 2,6 млрд теңгеге оңалту құралдарымен және қызметтерімен адам қамтамасыз етілді (барлығы 25 мың адамға 6,5 млрд теңге).

429 млн теңгеге 48 мың адам әлеуметтік жобалармен қамтылды (78 мың адамға барлығы 978 млн теңге). 

Жалпы, 2022 жылы 52,2 мың жұмыс орны құрылады, оның 70%-ті тұрақты жұмыс орындары (36,1 мың).