Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді
stan.kz

Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек оқуларын аяқтайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай соңғы қоңырау мерекесі болады.

«Алматының барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 2022 жылғы 16-17 маусымда тапсырылады. Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді», - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Алматы қаласында 287 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 207 мемлекеттік және 80 жеке меншік. 2021-2022 оқу жылында 1-11 сыныпта  300 мыңға жуық оқушы білім алуда.