Биыл Алмалы ауданында 26 көше жөнделеді

Биыл Алмалы ауданында 26 көше жөнделеді
Almaty-akshamy.kz

Былтыр жалпы ұзындығы 15 км болатын 18 көше орташа жөндеуден өтті, 1,3 км тротуар желісі салынды және 8 мекенжайда тротуарлар ретке келтірілді. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты

2023 жылы жалпы ұзындығы 16,6 км болатын 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әуезов көшесі Райымбек даңғылына дейін ұзартылды, сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша 3 көшеге бір бағыттағы қозғалыс енгізілді.

Өткен жылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Байсейітова, Абылай хан, Тілендиев, Бөгенбай батыр, Төле би, Розыбақиев , Құрманғазы, Гоголь көшелеріне 13 жаңа бағдаршам орнатылды. Мамыр айының соңына дейін тағы 16 бағдаршам орнатуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұл жұмыс қыркүйек айында басталады.