Биыл Әуезов ауданында 22 көше жөнделеді

Биыл Әуезов ауданында 22 көше жөнделеді
Сурет: Gov.kz

Әкімдік Әуезов ауданының жол инфрақұрылымының жағдайына ерекше көңіл бөліп отыр.  

Өткен жылы ұзындығы 27 км болатын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың м2 75 көше учаскесіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ұзындығы 6,8 км болатын 33 учаскеге тротуарлар салынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. 2023 жылы ұзындығы 19 км болатын 22 көшеге және 9 өтпелі жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 2022 жылы сіздердің сұрауларыңыз бойынша Саин, Қабдолов және Төле би көшелерінде бес жаңа аялдама кешені орнатылды», - деді бүгін аудан халқымен кездескен мегаполис басшысы.

Орын алған қажеттілікке байланысты, осы жылдың қазан айына дейін Жайдарман және Шаймерденов көшелеріне қосымша үш аялдама орнату жоспарлануда.

Жол қозғалысын реттеу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы Жандосов (4), Сүлейменов (4), Момышұлы (2), Шаляпин (2), Алтынсарин (1), Өтеген батыр (1) көшелерінде 14 жаңа бағдаршам орнатылды.

Қазіргі уақытта Береговой көшесі - Ю. Ким көшесінде бағдаршам орнатуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және Төле би көшесі – Фуркат көшесі, Төле би көшесі – Саин көшесінің шығысында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жұмыстары жүріп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың мамыр айының соңында аяқталады, жоба қараша айының соңына дейін іске асырылады. 

Үнемі су басатын жерлердің проблемасын шешу үшін өткен жылы төтенше жағдай желісі бойынша ауданның  7 проблемалық учаскесінен - Төле би көшесі, Райымбек даңғылындағы 5 учаске жойылды. Жұбанов көшесіндегі ұзындығы 3,5 км канал тазартылып, жөнделді, сондай-ақ Момышұлы көшесінің бойында (Жұбанов көшесінен Төле би көшесіне дейін) ұзындығы 1,4 км жаңа су бұру каналы салынып, оған арық желілері қосылды, 2,4 км жаңа арық желісі салынды.

«Бүгінгі таңда Абай даңғылы мен Момышұлы көшесіндегі  екі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқтаймыз», - деді әкім Ерболат Досаев.