Биыл Әуезов ауданында 17 шақырымдай көше жөнделді

Биыл Әуезов ауданында 17 шақырымдай көше жөнделді
invest-tula.com

Ауданның жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мақсатында 50 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ, ұзындығы 16,9 шақырым 17 көше мен өтпе жолдар орташа жөнделді. Жалпы, биылға ұзындығы 32,4 км 23 көше мен өтпе жолдар жоспарланған. Жұмыстар биылғы қарашаның соңына дейін аяқталатын болады.

Ақсай-1А шағын ауданының бірнеше үйінің ауласы мен Жетісу-2 шағын ауданындағы № 31 үйдің маңындағы қозғалысты қауіпсіздендіру туралы өтініштері бойынша аталған мекенжайларда жылдамдықты шектейтін жол белгілері мен «жылдамдық бәсеңдеткіш» орнатылды.