Биыл 2 мың бала тегін ұшады

Биыл 2 мың бала тегін ұшады
Сурет: Luxfm.kz

Kids Go Free бағдарламасы арқылы бірінші жылдың қорытындысы бойынша 1 500 бала тегін ұшты.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Балалармен қолайлы отбасылық демалысты ынталандыру мақсатында министрлік 2022 жылдан бастап турпакет құрамында балалар авиабилетін субсидиялау бағдарламасын іске асырып жатыр.  Бағдарлама негізінде бірінші жылдың қорытындысы бойынша турпакет құрамында 1 500 бала тегін ұшты. Биыл біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз, 2 000-нан астам бала қамтылады деп жоспарланып отыр»,- деді министр.