Биыл 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Gov.kz

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан,
6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.


Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26