Бибісара Асаубаева шахматтан ересектер арасындағы титулды жеңіп алды

Бибісара Асаубаева шахматтан ересектер арасындағы титулды жеңіп алды
Сурет: Wikipedia.org

Шахматтан жүлде - бізде!

Қазақтың 17 жастағы шахматшы қызы ересектер арасындағы титулды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз Бибісара Асаубаева Азия чемпионы атанды. Ол алғаш рет шахматтан ересектер арасындағы титулды жеңіп алды.

Құрлықтық дода 23 және 25 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Оған 15 елден 74 спортшы қатысты.

Бұл жеңіс жерлесімізге қазан айында Латвияда өтетін әлемдік аламанға қатысуға мүмкіндік береді.