Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің жиынына қатысады

Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің жиынына қатысады
Сурет: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынады

Бұл жөнінде Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.