Бейжіңде пилотсыз такси қызмет көрсете бастады

Бейжіңде пилотсыз такси қызмет көрсете бастады
Сурет: Вespilot.com

Дамыған заман

Бейжің қаласында 100 шақты автокөлік пилотсыз такси қызметін көрсете бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Әзірге олар ауданы 60 шаршы шақырым арнайы аймақ аумағында адам тасымалдап жүр. Бұл аймақтағы жалпы қашықтығы 350 шақырымдай көшелер арнайы жол белгілерімен жабдықталған. Жоба әзірлеушілері осылай жергілікті тұрғындардың көліктің бұл түріне қызуғышылығы қандай болатынын тексермек.

Робот-таксиді арнайы ұялы қосымша арқылы шақыртуға болады. Бір жылдай олар жолаушыларды тегін тасымалдаған. Енді қызметі ақылы болды.

Пилотсыз таксиді ресми түрде қолданысқа енгізу үшін 30 мың жолаушыны жеткізіп, 300 мың шақырым жол өтуі тиіс. Бейжің - робот-такси үшін ақы алып жатқан Қытайдағы жалғыз қала.

Тағы төрт ірі қалада ол әлі сынақтан өтіп жатыр. Жоба әзірлеушілер екі жылдан кейін пилотсыз такси қызметін 30 қалада ендіруді көздеп отыр.

«Өзімді қауіпсіз сезіндім. Кәдімги таксиден ерекше айырмашылығы жоқ. Жұмысын жаңа ғана бастағандықтан, бағасы әлі қымбат екенін түсіндім. Бірақ жаңа пайдаланушы ретінде маған жеңілдік берілді. Сондықтан кәдімгі таксиден гөрі аз төледім. 700 метрдей жүрдім. Алғашқы бағасы 26 юань болған, жеңілдікпен не бары 4 юань төледім. Өте арзан», - деді Бейжің қаласының тұрғыны Цяо Шици.