Бейжің тұрғыны Олимпиадаға арнап құны 80 мың долларлық кәдесый жинаған

Бейжің тұрғыны Олимпиадаға арнап құны 80 мың долларлық кәдесый жинаған
24 kz

Бейжіңде Чжан Вэньцюань есімді тұрғын Олимпиада ойындарының ең үлкен жанкүйері десе болады. 35 жастағы азамат осы ойындармен байланысты құны 80 мың доллардай болатын түрлі ескерткіш зат пен кәдесый жинаған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оның шаһардағы шағын пәтерінен хоккей шайбаларынан бастап, естелік марка және түрлі тиындарға дейін көруге болады. Ерекше хоббимен айналысуды 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиададан бастаған Чжанның қазір жеке коллекциясында 5 мыңнан аса жәдігер бар.

- Кейде қатты шаршаған кезде осы жинаған заттарым күш береді. Бұл бұйымдардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Оларға қарап, Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы, спортшылардың тартысты сайыстарына байланысты сәттер еске түседі, - дейді коллекционер Чжан Вэньцюань.