Бейжің Олимпиадасынан кейін біраз кадрлық ауыс-түйіс күтіп тұр

Бейжің Олимпиадасынан кейін біраз кадрлық  ауыс-түйіс күтіп тұр
Сурет: Inform.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақ Олимпиададан кейін кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін  жасырмады

Мұндай пікір Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарындағы отандық спортшыларымыздың өнеріне қатысты тілшілердің ведомство басшысынан пікір білдіруін сұрағаннан кейін айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ведомство басшысы Ақ Олимпиада аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін алға тартты.

«Олимпиада аяқтала салысымен, Бурабайға барып, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша ауқымды көшпелі жиналыс өткізетін боламыз. Қысқы Олимпиаданың қорытындысы бойынша белгілі бір кадрлық өзгерістер де орын алады деп ойлаймын», - деді Дәурен Абаев.