Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жобасы іске қосылды

Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жобасы іске қосылды
Сурет: Ашық дереккөз

Шығу кезінде төлем автоматты түрде есептен шығарылады

Бейжің метросында жолаушыларға жол жүру картасын басудың немесе QR-кодты сканерлеудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Енді олар төлемді алақанды сканерлеу арқылы жасай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Бейжің қалалық көлік басқармасынан мәлім еткендей, Дасин халықаралық әуежайына дейін баратын экспресс пойызда жаңа технологияны қолдану бойынша пилоттық бағдарлама іске қосылды.

Жолаушы вокзалдағы билет автоматы арқылы алақаны туралы биометриялық ақпаратты енгізгеннен кейін және танымал қытайлық WeChat мессенджерінде авторизациядан өткен соң жол аялдамаларында турникеттерден өту үшін алақанын көрсетсе жеткілікті. Шығу кезінде төлем автоматты түрде есептен шығарылады.

Турникет алақан мен тамыр суретін танып алады. Жаңа технология жолаушыларға қолма-қол ақшасы жоқ және смартфондарының қуаты таусылған кезде де метроны пайдалануға мүмкіндік береді.

Комитет қолданушы мәліметтерін қорғау үшін шифрлау технологиялары қолданылатынын айтты.