Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 3 ақпандағы жарыс кестесі

Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 3 ақпандағы жарыс кестесі
elpn.ru

Бүгін қазақстандық спортшылар Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы іріктеу жарыстарын бастайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Олардың қатарында фристайлдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева да бар. Сондай-ақ, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковқа жанкүйер боламыз.

Бейжің Олимпиадасының 3 ақпан күнгі жарыс кестесі:

16:00. Могул. Әйелдер. 1-іріктеу

Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Олеся Граур

17:45. Могул. Ерлер. 1-іріктеу

Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков

Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.