Бейжің-2022. Қазақстандық спортшылар жаттығуға кірісіп кетті

Бейжің-2022. Қазақстандық спортшылар жаттығуға кірісіп кетті
Cурет: Владислав Семенов

Шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада коитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін таңертең шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері Бейжің мұз айдынында дайындықтарын пысықтады.

Айта кетейік, Олимпиадада шорт-тректен ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.

Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.