Бейжің-2022: Қазақ спортшылары жарысты 3 ақпанда бастайды

Бейжің-2022: Қазақ  спортшылары жарысты 3 ақпанда бастайды
Cурет: Egemen.kz

Отандастарымыз 87 жолдама жеңіп алған

Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3-ші ақпан күні бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді.

Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:
3 ақпан
Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу Могул, ерлер. Бірінші іріктеу
5 ақпан
Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал
6 ақпан
Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.