Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Сурет: Elorda.info

Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінде сынға түседі.

Қазақстандық шаңғышылар спринт пен скиатлондағы сәтсіздік есесін 10 шақырымдық жарыста қайтаруға тырысады. Жарысқа Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сонымен қатар, бүгін акробаттарымыз жарыс жолына шығады. Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева мен Шерзод Хаширбаев аралас команда жарысында ел намысын қорғайды. 

Одан бөлек керлингтен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар жалғасады. Ерлер арасында сноуборд-кросс турнирінде жүлделер сарапқа салынады. Тау шаңғысында спортшылар комбинацияда сынға түседі. Шана жарысында эстафета өтеді. 

10 ақпандағы жарыс кестесі

13:00 – Шаңғы жарысы. Әйелдер. 10 шақырымдық жарыс. Классикалық стиль.

Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина.

17:00, 17: 50 – Фристайл. Акробатика. Аралас командалар. Бірінші финал, екінші финал.

Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева, Шерзод Хаширбаев.

Қайдан көруге болады:

Qazaqstan – 12:50 (шаңғы жарысы).

Qazsport – 17:00 (фристайл)