Бейжің-2022: Әзірге Қазақстан қоржыны бос

Бейжің-2022: Әзірге Қазақстан қоржыны бос
Inform.kz

Жаһан жұрты асыға күткен Бейжіңдегі Олимпиада ойындары да бел ортасынан ауып, жабылу мәресіне де жақындап қалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жалпы, Бейжің Олимпиадасында 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Қазірге дейін сол 109 медаль жиынтығының 72-сі өз иелерін тауып үлгерді. Енді 37 медаль жиынтығы ғана қалды.

Әзірге ең көп алтын медаль Норвегия құрамасының еншісінде. Ол 9 алтынмен жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Ары қарай Германия 8 алтын, АҚШ 7 алтын, Австрия, Қытай Нидерланды 6 алтыннан алған. Швеция мен Швейцария 5 алтыннан, Ресей Олимпиада комитеті 4, Франция 3 алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Италия, Жапония, Словения құрамаларының қоржындарында 2 алтыннан бар.

Канада, Оңтүстік Корея, Австралия, Финландия, Жаңа Зеландия, Венгрия, Чех Республикасы және Словакия елдері бір-бір алтын медальға қол жеткізді.