Бейжің-2022: Абзал Әжіғалиев финалға өтті

Бейжің-2022: Абзал Әжіғалиев финалға өтті
Cурет: Olympic.kz

Спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жарысудан жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта 2022 жылғы Олимпиада ойындарының финалына өтті.

Спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған А финалына өтуге мүмкіндік берді.

Ал Денис Никиша бірінші жарыста төртінші орынмен өнер көрсетті. Ол В финалына жолдама алды.

Бұған дейін Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жартылай финалға өткені туралы хабарлаған болатынбыз.