Бейжіңде өтетін Олимпиадада роботтар тамақ әзірлейді

Бейжіңде өтетін Олимпиадада роботтар тамақ әзірлейді
Сурет: 24.kz

Роботтар дайындайтын тамақ

Бейжіңде өтетін Олимпиадада аспаздық өнерлерімен кәдімгі робот машиналар таң қалдырмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олимпиада кезінде тек тамақ дайындау барысы ғана емес, тіпті оны тарату процесі де автоматтандырылады. Бұл әдіс арқылы ел билігі COVID-19 жұқтыру қаупін азайтуға ниетті. Мұндай ноу-хауды медиаорталықтағы дәмханада таныстырған. Оған бірінші болып төрт жылда бір келетін басты ойындар жайында хабар тарату үшін Қытайға келген журналистер барып көрді.