Бейжің-2022: Жанкүйерлерге робот-бармендер қызмет көрсетеді

Бейжің-2022: Жанкүйерлерге робот-бармендер қызмет көрсетеді
Cурет: Sports.ru

Барменді алмастырған робот

 Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындары өтетін аумақта сусындарды адам көмегінсіз әзірлей алатын құлтемір пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, әлгі құрылғы небәрі бір минут ішінде, оннан астам коктейль дайынды екен. 

Олимпиада ойындары ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай роботтар коронавирус жұқтыру деректерін азайтып, жарыстың мейлінше қауіпсіз өтуіне септігін тигізеді.