Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-ға қарсы шаралар күшейтілді

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-ға қарсы шаралар күшейтілді Cурет: Inform.kz

Отбасылық мерекелерді 10 адамға дейін шектеу енгізілді


Бейжің билігі Қытайдағы жаңа жыл мен қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын күшейтуде. Бұл туралы жұма күні Бейжің қаласы үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Сюй Хэцзянның айтуынша, Пекин әкімшілігі COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын қайта қарап, тұрғындарды алдағы мерекелері – Жаңа жыл мен Көктем мерекесін ҚХР астанасында өткізуге шақырды. Жергілікті билік кәсіпорындарға алдағы мерекелер кезінде өз қызметкерлеріне икемді жұмыс кестесін енгізуді ұсынды. Отбасылық мерекелерді 10 адамға дейін шектеу, сондай-ақ Бейжіңде конференциялар мен оқу іс-шараларының өткізілуін қатаң бақылау туралы жарияланды. Саябақтар, мұражайлар, кітапханалар, кинотеатрлар және басқа да қоғамдық орындардың толуы 75% - дан аспауы тиіс.


Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде 13 миллион халқы бар Сиань қаласында Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 40 күн қалғанда локдаун енгізілді. 9 желтоқсаннан бастап Қытайдың осы мегаполисінде коронавирус инфекциясының 200-ден астам жағдайы анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04