Бейжіңге құрамында індет жұқтырғандар бар команда қатыса ала ма?

Бейжіңге құрамында індет жұқтырғандар бар команда қатыса ала ма?
Сурет: Оlympic.kz

Командадан індет жұқтырған спортшы шеттетілмейді 

Бейжің Олимпиадасында команда мүшелері коронавирус жұқтырған жағдайда, құрамалар Олимпиададан аластатылмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Халықаралық Олимпиадалық комитет мәлімдеді. 

Егер Олимпиада кезінде спортшыдан коронавирус табылса, ол ауруханада немесе изоляторда оқшауланады. Олимпиада кезінде оқшаулағыштан шығу үшін 24 сағат көлемінде коронавирусқа тапсырылған екі тест теріс нәтиже көрсетуі керек. Сондай-ақ, үш күн қатарынан дене температурасы қалыпты жағдайда болып, коронавирус белгілері байқалмауы тиіс.  

Осы орайда, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған команданың өзге мүшелері ковид хаттамаларын сақтау арқылы жарысты жалғастыра береді. 

Науқаспен жақын байланыста болғандар коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан жағдайда карантин шараларын сақтап, үнемі бетперде тағып, тамақты жалғыз өзі ішіп, өзгелерден 2 метр алшақ жүреді. Сонымен қатар, күніне үш рет дене қызуын өлшеп, жарыс басталуына 12 және 6 сағат қалғанда ПТР тест тапсырады.