Қала әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездеседі

Қала әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездеседі
Cурет: Almaty.tv

Қала әкімінің Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі туралы

2022 жылдың 10 қарашасында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі Көкжиек шағын ауданы, 63 мекенжайындағы №177 жалпы білім беретін мектепте өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Жетісу әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/zhetysu.audany.5

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.