Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
сурет: 24.kz

Тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазгидромет синоптиктері 14 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территроиясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде - шаңды дауыл, батысында, оңтүстік-шығысында – бұршақ, солтүстігінде - түнде тұман түседі. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашын жаумайды. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында, Жамблы облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан обысының оңтүстігінде, батысында аптап ыстық болады. Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады. Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Ауыспалы бағыттардан жел соғады, күші - 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы болады. Алматы қаласында көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы болады. Шымкентте де көшпелі бұлт, жауын-шашын жоқ. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы болады.