Бейсенбі күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күнгі ауа райы болжамы
Яндекс.Дзен

Синоптиктердің болжауынша, бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 қарашада атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын түседі, күндіз елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аумақтарда және шығысында жаңбыр, қар жауады. Тек республиканың батысында антициклон әсерінен күн райы ашық болуы мүмкін.

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, жел күшеюі ықтимал. Еліміздің батыс және орталық бөлігінде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы ықтимал, түнде таулы аудандарда жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с болады, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу боран соғады, жолдарда көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында жел күшейіп, 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, шығысында, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с болмақ.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Маңғыстаудың батысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады,

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік – батысында көктайғақ болады, тұман түседі, Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында тұман түсуі мүмкін.