Бейіт басына зәулім сарай салуға тыйым салынады

Бейіт басына зәулім сарай салуға тыйым салынады Сурет: Astanatv.kz

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай бейіт басына зәулім сарай салып, марқұм үшін үлкен жерді алуға тыйым салмақ.


Басқарма жанынан ашылған Қамқор-Шапағат орталығы бірнеше облыстың мәслихатына осындай ұсыныс жолдады. Егер депутаттар қолдаса, 20 аймақтағы зират заңдылығы өзгереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 


"Қабірге жерленген кісінің кім екенін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмауы үшін оған шағын белгі қоюға рұқсат. Құлпытас биіктігі 1 метр, ені 50 сантиметрден аспауға тиіс. Құлпытасқа марқұмның аты-жөні, туған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылса жеткілікті. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді", – дейді "Қамқор-шапағат" орталығының директоры Мейрамбек Қабыбекұлы. 

Ал құлпытас жасайтын шеберлер болса, тұтынушылар таңдауында шек жоқ дейді. Олардың айтуынша, бейіт басына белгі қою үшін адамдар 7 миллион теңгеге дейін тапсырыс берген. 


"15-20 мың теңгеден бастап кете береді. 500, 600 мың, 1 миллион теңгеге дейін кете береді. Осы уақытқа дейін 1,5-2 миллионға дейін алғандар болды жалғыз тастың өзін. 7 миллионға дейін де қойып жатырмыз. Гранит-мрамор болып бөлінеді. Қазіргі таңда гранит қатты сұранысқа ие", –  дейді құлпытас шебері Әбілхан Амантұрдиев. 

Ел азаматтарының айтуынша, мазарға биік қоршау қажет. әйтпесе бейітті қаңғыған мал басып кетуі мүмкін.


Ал дін өкілдері бейітті әсепттегеннен марқұмға келіп-кетер пайда жоғын айтады. Олардың айтуынша, сол қаржыға жетім-жесірге көмек берген әлдеқайда абзал.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55