Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның елшісімен кездесті

Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның елшісімен кездесті
Сурет: ҚР ИИДМ телеграм каналы

Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Қытай-Қазақстан-Қырғызстан» бағыты бойынша транзиттік жүктердің кедергісіз өтуі, елдеріміз арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ транзиттік теміржол жолаушылар тасымалын жаңғырту мүмкіндігі қарастырылды.

Анықтама: 2021 жылдың 9 айында Қазақстанның темір жолы арқылы транзитпен жүк тасымалдау көлемі 2% (немесе 53,91 мың тоннаға) артып, 2 млн.400 мың тоннаны құрады (2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 2 млн. 347 мың тонна). 2020 жылы Қытайдан Қырғызстан бағытында транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 226,6 мың тоннаны құрады. 2021 жылғы 9 айда ол көрсеткіш 41% ұлғайып, 221,9 мың тоннаға жетті (2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 157,6 мың тонна).

Қазақстан мен Қырғызстан арасында аптасына 9 әуе рейсі орындалады. Қазіргі уақытта аптасына 7 рет Алматы – Бішкек және аптасына 2 рет Түркістан – Бішкек бағыттарында тұрақты әуе рейстері қатынап жүр.