Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жеңіліп қалды

Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жеңіліп қалды Сурет: Ашық дереккөз

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды


Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Таиландтың Нонтабури қаласында өтіп жатқан жекелей турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан спортшысы австралиялық теннисші Джеймс Даквортпен (әлемнің 156-шы ракеткасы) кездесіп, екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңілді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.


Sports.kz сайтының мәліметінше, кездесу барысында Жұқаев сегіз иннингті дәл орындап, алты рет қос қате жіберді. 


Қазақстандық теннисші қазір ATP рейтингінің (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) 307-қатарында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21