Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды
Cурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы болып бастады (1985-1987);

1987 - 1991 - республикалық «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі;

1991-1994 – «Өркен», «Көкжиек» газеттерінің орынбасары, бас редакторы;

1994 - 1994 - Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры;

1994 - 1994 - Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994 - 1995 - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы;

1995 - 1997 - Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

1997 - 1999 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының студенті;

1999 - 2000 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры;

2000 - 2002 - Премьер-Министр Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі;

05.2002 - 09.2002  - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі;

09.2002 - 12.2002 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі;

2002 - 2003 - «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;

2003 - 2006 - Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2006 - 2008 - Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, бір мезгілде Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2008 - 2008 - Мәдениет және ақпарат вице-министрі;

2008 - 2009 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Баспасөз хатшысы;

2009 - 2015 - Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2015 - 2019 - Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2019 - 2022 – Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап Жетісу облысының әкімі болды.