Бетпердені шешуге әлі ерте

Бетпердені шешуге әлі ерте
almaty-akshamy.kz

ДДҰ өкілдерінің  пікірінше, жаһан жұртының 70 %-ы вакцина салдыру қажет. Сонда ғана COVID-19 пандемиясын ауыздықтай алады екенбіз.

Алматыда КВИ ахуал әлі де тұрақтала қойған жоқ. Халықтың біршамасы екпе қабылдауда. Бірқатары әлі де болса үрке қарауда. Жаппай вакцина алған кезде індеттің бетін қайтаратынымыз анық.

Психолог Сақыпжамал Сабырованың ойы да осыған саяды. «Қазір ғаламторда ФЕЙК ақпарат көп. Неше түрлі бейнеролик, жазбалардан көз сүрінеді. Оның бәрі керітартпа үгіт. Дәлірегі, адам жаны теріс дүниеге әуестеу келеді. Яғни бір нәрсені жақсы етуден гөрі, оның екінші қырын айтсаңыз, елең етеді. Шартты рефлекс тез оянады. Сондықтан бүкіләлемдік коронавирустан құтылудың төте жолы біреу ғана. Ол – вакцина екенін түсінген абзал. Сонымен қатар, екпе қабылдадым екен деп, санитарлық режимді сақтамауға болмайды. Психологияда ерте шаттану ұғымы бар. Сол себепті бетпердені шешіп тастап жүрмеңіз. Өз саулығыңыз өз қолыңызда», – дейді маман.

Бетперде сіз жұтатын ауаға – сүзгі. Нақтырақ айтқанда, оны да таза ұстау қажет. Ең негізгісі – барлық карантиндік талаптарды қатаң  сақтау маңызды.