«Бесік жыры» анимациялық фильмі әлемдік кинофестивальде үздік атанды

«Бесік жыры» анимациялық фильмі әлемдік кинофестивальде үздік атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Аталмыш фильм «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде 1500 үміткердің ішінде ең үздігі ретінде танылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" жүлдесін жеңіп алды.

"MADFA Madrid Film Awards – 2023 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылды", делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратында.

Р Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов "Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болатынын" атап өтті.

"Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады.