Бес облыстың ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес облыстың ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inbusiness.kz

Жел соғып, қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

«Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с», - деп жазды «Қазгидромет»