Берлиналеде қазақстандық киноның тұсаукесері өтті

Берлиналеде қазақстандық киноның тұсаукесері өтті
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстан кинокартинасы әлемдік сахнада таныстырылды

Германияда өтетін 72-ші Берлинале кинофестивалінде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Форум» секциясында Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» картинасы көпшілік назарына ұсынылады. «Панорама» бағдарламасында режиссер Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмі көрсетілді. Ал Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі «Generation» айдарына таңдалды.

Айта кетейік, Берлиналеде небәрі 10 күн ішінде 69 елден 256 картина ұсынылады.

«Фильм премьераларын үлкен экрандардан қайта көруге болатыны өте жақсы. Сала пандемиядан қатты зардап шекті. Дегенмен барлық іс-шараны өз көзіңмен көру жақсы емес пе?! Режиссерлер бізге өз жұмыстарын тағы да ұсына алады. Бұл, әрине, керемет», - дейді Берлин тұрғыны.