Бензин бағасы арзандай ма?

Бензин бағасы арзандай ма? Сурет: Inbusiness.kz

Баға өспейді.


Бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қазақстан ТМД елдері мен дүние жүзінде бензин бағасының арзандығы бойынша алғашқы бестікке кіретінінен бастайық. Бұл бестікке нарықтық қатынас мүлде жоқ елдер кіреді», - деді Ақшолақов.



Министр Қазақстандағы мұнай өнімдері бағасының төмендігі көршілес мемлекеттерге үлкен көлемде рұқсатсыз тасымалдануы себебінен болғанын айтты.



«Былтыр не себепті тапшылық көрдік? Өйткені экспортқа тыйым салынғанына қарамастан, мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз тасымалданды. Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін, бірақ қазір қымбаттады, өйткені Қазақстан мен Ресейдегі баға арасында өте үлкен алшақтық болды – шамамен 100 теңге. Ресейлік өнім біздікінен арзандап, нарықты толтырып жатқаны байқалмайды», - деді министрлік басшысы.



Ақшолақовтың айтуынша, АИ-92 және АИ-93 бағасы 192 теңге, АИ-95 215 теңге, бір литр дизель 230-260 теңге деңгейінде қалады.



«Акцизге келетін болсақ, мұнай өнімдерін сату кезінде маржаның белгілі бір бөлігін алған өнімсіз делдалдарды алып тастау ұйғарылды. Маржаның бұл үлесі акциздер түрінде мемлекетке түседі. Баға өспейді. Жаңа акциздер қолданылғандықтан, баға көтерілмейді, бірақ оның төмендеуі де екіталай. Баға әлі де сақталып тұр», - деп түйіндеді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07