Бензинге қатысты шектеу ұзартылды

Бензинге қатысты шектеу ұзартылды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұйрықтың орындалуын ҰҚК Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігі бақылайды.

Қазақстанда бензин мен дизель отынына қатысты шектеу тағы 6 айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы нормативтік құқықтық актілер ақпарат жүйесінде жарияланды.

Бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Бұл авиациялық отын мен автомобиль дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуге қатысты емес, - деп жазылған құжатта.

Бірлескен бұйрыққа қаржы, ішкі істер, энергетика, министрлері әрі ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойған. Бұйрықтың орындалуын ҰҚК Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігі бақылайды.