Бензин мен жанармай бағасы қымбаттайды - министр

Бензин мен жанармай  бағасы қымбаттайды - министр
Сурет: Riamo.ru

Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин бағасы ең арзан екенін айта келе, елде АИ-92 бензині 11 пайызға қымбаттайтынын мәлім етті.

Тиісті бұйрық бүгін енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын өзгерту қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындау керек.

 ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде жанармай бағасының өсуіне қандай себептер әсер етіп отырғанын айтты.

«Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өнделіп жатыр (битум зауытын қоспағанда). Кейінгі 5 жылда бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін), дизель отынын 30%-ға өсірдік (жылына 4 млн-нан 5,2 млн тоннаға дейін). Былтыр дизель отынын өндіру бойынша рекордтық көрсеткішке, яғни 5,2 млн тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі тапшылықты (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық. Осы орайда, экономикадағы маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және теміржол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ», - деді Б. Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет. Оның ішінде АИ-92 мен АИ-92 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 200 теңгеге қылу. Өсімі 11 пайыз.

Дизель отынының бағасын литріне 295 теңгеге, өсім 20 пайыз. Қазір өңірге байланысты баға 230-260 теңгеге дейін болып тұр.

«Осы бұйрықтың жобасын бүгін жариялаймыз», – деді ол.