Бензема қайда барады?

Бензема қайда барады?
Сурет: ашық дереккөз
Жуырда ғана «Галактикоста» ойнағысы келетінін мәлімдеген «Реал Мадридтің» француздық шабуылшысы Карим Бензема бұл ойынан айнып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
 Zakon.kz. мәліметіне сүйенсек, клубтың баспасөз қызметі оның Карим Бенземаның кететінін хабарлады, ал ойыншымен ресми қоштасу рәсімі 6 маусымға жоспарланған. Карим Бензема «Реал Мадридте» 14 жыл ойнады, осы уақыт ішінде ол 25 жүлде жеңіп алды.
Әйгілі шабуылшы Ла Лиганың 38-тур ойындары аясында "Атлетикке" қарсы ойында пенальтимен қоштасу голын соқты. Осы матчта нәтижені теңестірген футболшы «Сантьяго Бернабеу»
көрермендері қошеметке бөледі.
Бенземаның кетуі көпшілік үшін күтпеген жағдай болды, өйткені француз шабуылшысы 1 маусымда мадридтік командада тағы бір жыл ойнайтынын хабарлаған еді. 
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, француздық шабуылшы мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады. «әл-Иттихад»  клубы Бенземаға 200 миллион еуро тұратын екі жылдық келісімшарт ұсынған.