Белгілі бапкер Қазбек Ашляев қайтыс болды

Белгілі бапкер Қазбек Ашляев қайтыс болды
Сурет: Almaty.tv

Ашляев туризм және спорт министрінің орынбасары және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығы қызметін атқарған.

Қазақстандық бокс ардагері Қазбек Ашляев өмірден озды, деп хабарлайды Akmaty-akshamy.kz  Almaty.tv cайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінде растады.

Қазбек Ашляев – Қазақ КСР, КСРО және Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1945 жылы ақпанда Қарағандыда дүниеге келген.

Оның өмірі әрдайым спортпен тығыз байланысты болған. 1962 жылы бокстан жасөспірімдер арасында Қазақ КСР жеңімпазы, 1962 жылы жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің чемпионы атанды. 1964 жылы ересектер арасында КСРО біріншілігін жеңіп, бокстан Еуропа Кубогын жеңіп алды.