Бельгияда tiktok-ты пайдалануға тыйым салынды

Бельгияда tiktok-ты пайдалануға тыйым салынды
сурет:grozny.tv

ТикТок өз тұтынушылары жайында көп мөлшерде дерек жинайды екен.

Бельгия билігі үкіметтік телефондарда Тик-Ток пайдалануға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап.

Шектеу әзірге 6 айға салынды. Киберқауіпсіздік пен мәліметтердің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты осындай шешім қабылданып отыр. ТикТок өз тұтынушылары жайында көп мөлшерде дерек жинайтын көрінеді. Алайда мемлекеттік қызметкерлер қосымшаны жеке телефондарына орната алады. Оған рұқсат бар. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Канада билігі және Еурокомиссия Тик-токке осындай тыйым салған болатын.